Абай облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
628
Абай облысы полиция департаментінің басшы болып Эльдар Данияров тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Абай облысы полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров тағайындалды. Облыс әкімі Берік Уәли полиция департаментінің жаңа бастығының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Эльдар Данияров 2009 жылдан бастап ҚР Құқық қорғау саласында, оның ішінде жол және әкімшілік полициясында инспектор, аға инспектор, бөлім бастығы және басқарма бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...