«Абайдағы апат»: Қайтыс болған екі бала ата-әжесіне қонаққа келген

Абай облысындағы апаттан қайтыс болған екі бала ата-әжесіне қонаққа келген. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады POLITICO.KZ.
«Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжесіне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Қаза болған балалардың отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек берілетіні хабарланды.
Айта кетейік, кеше Бестерек ауылында ауыр жол апаты болды. Жеңіл көлік үй маңында ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен. Салдарынан 2017, 2022, 2023 жылғы 3 бала оқиға орнында қаза тапты. Қалған 7-9 жас аралғындағы балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар





