Мақпал Жүнісова бір киіммен әлем аралаған кезін есіне алды
1557
Әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында әлем аралаған кездерін еске алып, сахнаға киген тарихи көйлегі туралы естелігін бөлісті.
Айтуынша, ол бұл киімін Шри-Ланка, Марокко және Үндістанға да киіп барған.
Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985 жылы «Гүлдер» ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, «Мұрагер» ансамблі, мен және «Гүлдер» ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Союзға кіретін республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, Валерий Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы «Медеу» мұз айдынында «Алтын Алма» фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген, - деп жазды Халық әртісі.Фото: instagram/zhunusova.makpal
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
08:44
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байл...
11.08.2026
08:30
Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығыс...
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...