Алматы облысында зооқорғаушы Тепляковтың өліміне күдікті ұсталды
Алматы облысында «Dog House» панажай иесі – зооқорғаушы Владимир Тепляков өліміне байланысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл 7 қазанда ер адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, дереу ұсталған.
«Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу аясында ұсталған адамның жасалған адам өлтіру қылмысына қатыстылығы тексеріліп жатыр, сондай-ақ қылмыстық істі толық, жан-жақты әрі объективті зерттеу мақсатында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полициядағылар.
Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Еске сала кетейік Алматы облысында «Dog House – Твардовский дом» иесіз жануарлар панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляков кісі қолынан ажал құшты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
11:18
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тағы да сотқа тартыл...
04.11.2026
11:17
Савельева мен Бекмановтың Қорғаныс министрлігін...
04.11.2026
10:55
Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті
04.11.2026
10:46
Алматы облысында зооқорғаушы Тепляковтың өлімін...
04.11.2026
10:04
Ташкентте қазақ футболшылары ауруханаға түсті: ...
04.11.2026
09:54
Қазақстанда онлайн казино ісі бойынша екі шетел...