"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді

10.04.2026 17:15 Мөлдір Талғат
223
Фото: ашық дереккөз

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желіде кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдіріп, олардың жарнамалап жүрген өнімдерін өздері қолданбайтынын алға тартты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, мұндай жағдай бизнес саласында жиі кездеседі. Яғни, кейбір кәсіпкерлер табыс әкелетін өнімді өндіре отырып, оны өздері тұтынбауы мүмкін.

«Адам өзі қолданбайтын өнімдерден миллион табады. Тіпті сусындарын да ішпеуі мүмкін — бірақ сол арқылы миллиардтар табады», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол «Цесна» өнімдерінің сапасына қатысты жеке пікірін білдіріп, бұрыннан байқалған кемшіліктерді атап өтті.

«Қаптамада көрсетілгеннен салмағы аз болып шығады. Бұл – адал іс емес», – деді ол.

Журналист компанияның пиар саясатына да тоқталып, әлеуметтік жобалардың тиімділігіне күмән келтірді.

«Пиар үшін пәтер таратып жатыр. Бірақ адамдар әлі ол үйлерге кірген жоқ. Соның орнына қызметкерлерге лайықты жалақы төлеуге болмас па еді?», – деп жазды Әбенова.

Сонымен қатар ол өз ойын дәлелдеу үшін әлеуметтік желідегі қолданушы пікірін мысалға келтірген.

«Алагөзовтердің үйі туралы видеоны көргенде бәрін “Цесна” ұнымен жасайды деп ойладым. Бірақ кейін басқа өнімнің қаптамасын көріп, таңғалдым», – делінген пікірде.

Бұл жазба желіде түрлі пікір туғызып, қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий