Адамға көзі тірісінде қандай жағдайда ескерткіш қойылады – Министрлік жаңа норма әзірлеп жатыр
Мәдение және ақпарат министрлігі монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына өзгерту енгізбекші.
Сондай-ақ, жеке адамға арналған ескерткішті мемлекеттік орган орнатса, жұрт емін-еркін кіре алатын орынға қойылу керектігі айтылған.«Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды», - ашық талқылауға шығарылған деп жазылған бұйрық жобасында.
«Жергілікті атқарушы органдардың монументтік өнер құрылыстарын орнатуы бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті тұлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыстың жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеке ұйымдардың аумақтарында және жекелеген меншік иелері мен пайдаланушыларға тиесілі учаскелерде құрылысты орнатуға жол берілмейді», - делінген құжатта.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...