"Адам бәрін жоғалтқанда ғана түсінеді": Алика Мухамадиева соттағы соңғы сөзін айтты

03.11.2025 13:00 Арман Ермеков
0
608
Фото: бейнеден кадр

Қарағандыда әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 22 жастағы блогер Алика Мухамадиеваның соты мәресіне жетті. Ол соттағы соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, жұрттан кешірім сұрады және кішкентай қызы барын ескеруді өтінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Мен қорлаған барлық адамнан тағы да кешірім сұрағым келеді. Өте ұяламын. Не айтатынымды білмеймін. Шын жүректен өкінемін. Соттан менің кінәмді толық мойындағанымды және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын. Адам бәрін жоғалтқан кезде ғана қадірлей бастайды. Мақсат қуып жүріп, өмірді байқамайсың, баламды ата-анама қалдырдым. Қазір бәрін беруге дайынмын, тек қызыммен бірге болғым келеді", - деді Алика соңғы сөзінде.

Іс қысқартылған тәртіппен қаралып, үкім 3 қараша күні сағат 17:00-де жариялануы тиіс.

Алика Мухамадиева – Қарағандыдан шыққан 22 жастағы кәсіпкер, оның карго-бизнесі мен киім бутиктері бар. 2025 жылы ол Threads әлеуметтік желісінде қазақтар мен мұсылмандарға қатысты қорлайтын пікірлер жариялап, ірі жанжалдың ортасында қалған. Бұл жазбалар қоғамда үлкен резонанс тудырып, соңы ұлтаралық араздықты қоздыру айыбымен қамауға алуға ұласты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий