«Неге туа бересіңдер?» - Қазақстанда бір мектепте 42 бірінші сынып ашылған (ВИДЕО)

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекке арналған ерекше видеоны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бейнежазбада ата-аналар күтпеген көрініске куә болды: бір мектепте қазақ әліпбиінің әріптерімен белгіленген «А»-дан «Я»-ға дейін 42 бірінші сынып бірден қабылданған
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларға қарағанда, мұндай жағдай тек бір ғана мектепте емес, елдің түрлі өңірлерінде байқалған.
Желі қолданушылары бұл құбылысты әзілмен «карантинде туылған балалар» деп атап жатты. Дегенмен шын мәнінде биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттағандар - 2018–2019 жылдары дүниеге келген бүлдіршіндер.
Еске сала кетейік, Қазақстанда карантин 2020 жылдың көктемінде енгізілген еді, яғни олар мектепке 2026-2027 жылдары барады.
Бұл жағдай қоғамда кең талқылау туғызды: біреулер демографиялық өсімге қуанып жатса, енді бірі мектептер мен мұғалімдерге түсетін салмақ туралы алаңдаушылық білдіруде.
«Он тоғыз 1-ші сынып, неге туа бересіңдер?», «Қазақтардың саны көбейсін», «Қазақша сыныпқа барса жақсы ғой», - деген пікірлер білдірді.
Соңғы жаңалықтар





