АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтетін болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды politico.kz.
Президенттің пікірінше, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек.
Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде.
Фото: Reuters
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
12:36
«Өзіне қол салды деп жауып тастаған»: Ақтөбеде ...
06.11.2026
12:35
«Дауысың жарамайды» деп далаға қуған: Атырауда ...
06.11.2026
12:24
"Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ": Балжан...
06.11.2026
12:14
«Тірімін!»: Қазақстан іздеу салған Меллстрой бі...
06.11.2026
11:49
Ақан Сатаев Атырауда кардиологиялық орталыққа т...
06.11.2026
11:40
Өзбекстанда уланған балалардың бәрі елге оралды