Ақан Сатаев Атырауда кардиологиялық орталыққа түсіп қалды

Ақан Сатаев Атырауда кардиологиялық орталыққа түсіп қалды
Фото: instagram.com/akansatayev

Белгілі режиссер Ақан Сатаев денсаулығы сыр беріп, Атырау қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, жағдайы тұрақталған соң жұмысына қайта кірісетінін жеткізді. Ол өзіне көмек көрсеткен медицина орталығының басшылығы мен ұжымына кәсіби біліктілігі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

«Қазір мен Атырау қаласындағы кардио орталықта жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл центрден шығып, «Қан мен серт» фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!» – деп жазды Ақан Сатаев.

Айта кетейік, режиссер Маңғыстау облысында Төремұрат батырдың ерлігі мен өміріне арналған «Қан мен серт» тарихи кинокартинасын түсіріп жатыр. Табиғи әрі тарихи орындарда таспаланып жатқан туындыға Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актерлер Дінмұхамед Ахимов пен Болат Әбділманов қатысуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу