Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты екі қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Фариза Алмазқызының айтуынша, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тіркелген. Оның жазуынша, актерге қатысты тергеу ҚК-нің 115-1-бабы және 274-баптың 2-бөлігі 3-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі таңда Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 115-1-бабы және 274-баптың 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелді. Біз адвокатым екеуміз бұл істердің соңына дейін барып, сотта нүктесін қоямыз. Заң алдында тиісті жазасын алады», – деп жазды Фариза Алмазқызы.
Әзірге құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайы арасындағы дау әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...