Ағасы 6 жасынан бастап зорлаған қыз мәлімдеме жасады

 Ағасы 6 жасынан бастап зорлаған қыз мәлімдеме жасады
12.12.2024 14:05
0
67
коллаж politico.kz

10 жылдан астап тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырадым деп мәлімдеген Оразғалиева Еркеназ өзін қорлаған адам жайлы тағы да мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, дене тәрбиесінен сабақ беретін ағасы оны спорт залда зорлаған. Сонымен қатар ол кейбір дәлелдердердің ескерілмей отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  POLITICO.KZ.

6 жасынан зорлық көрдім деген Оразғалиева Еркеназ ағасының мектептегі камера жоқ жерге апарып зорлық көрсеткені жайлы өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

«Мен Оразғалиева Еркеназ Әділетқызы өткен жолғы видеоақпаратыма қосымша ақпарат айтқым келіп отыр. Жұмаханов Еркебек Еркеғали Рахманов атындағы мектепте дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол мені мектепте де зорлап келді. Спорт залдың ар жағында кабинеттеріне апарып бірнеше рет зорлады. Спорт залда камера болса да, кабинетте камера жоқ. Осы Ергебектің атына қаншама шағым түскен... Балаларға тіл тигізген, буллинг жасаған. Ата аналардың атынан оған шағым түскен. Бірақ мектеп ешқандай шара қолданбаған. Сол ата аналардың біреуі маған көмектесіп, қосылып арыз жазды. Бірақ оны дәлелге жатқызбай отыр. Ергебектің мені қорқытып жазған смс хаттары бар. Оны да дәлелге жатқызбай отыр. «Өлтіріп барып тыныштық табамын», «Шық, әйтпесе үйдегілеріңе айтамын» деп қорқытып жазғаны бар. Ергебектің жауабын қанағаттанарлық деп, менікін қанағаттандырарлықсыз деп қарап отыр», — деді Оразғалиева Еркеназ.

Елімізде жыныстық зорлық-зомбылық қылмысы өршіп келе жатқанын және қандай жаза қолданылатынын көрсету керек. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне қарасақ, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету қылмысы жыл сайын артып келеді.

Ақпарат Orda.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или