Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықаралық «Forbes» шолуына енді

Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықаралық «Forbes» шолуына енді

Әлемдік «Forbes» басылымы өзінің «World of Forbes» айдарында қазақстандық 28 жастағы видеограф Дастан Мұхамедрахымның табыс тарихын жариялады. Бұрын қазақ тілі пәнінен сабақ берген маман бүгінде миллиондаған аудиторияға Қазақстанның көрікті табиғатын танытып жүр, деп хабарлайды Politico.kz.

Басылымның мәліметінше, отандық контентмейкердің аудиториясы мен қызмет аясы қарқынды дамып келеді:

Блогердің Instagram парақшасына 2,1 миллион адам жазылған.

Бес адамнан тұратын командасымен бірге Мұхамедрахым «Kaspi.kz», «Air Astana» және «Turkish Airlines» сияқты ірі отандық және халықаралық брендтермен серіктестік орнатқан.

«Forbes» деректеріне сүйенсек, блогердің парақшасында бір жарнамалық бейнеролик жариялау құны 15 мың доллардан басталады. Сонымен қатар Дастан Мұхамедрахым биылғы жылы «Forbes Kazakhstan» басылымының «30 жасқа дейінгі 30» («30 до 30») рейтингіне енген болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу