Айқын мен Жұлдыз үйлену тойларын жасады
1693
Отандық шоу-бизнестегі танымал жұптың бірі – Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бағдарлама студиясында үйлену тойын жасады.
Жұлдызды жұп үйлену тойын осыдан тоғыз жыл бұрын жасағысы келгенін айтты. Алайда белгілі себептерге байланысты бұл ойы іске аспай қалған. Сол себепті ерлі-зайыпты өтпей қалған тойдың орнын толтырып, оны студияда тойлауды шешкен.
Негізі бұл тойды 9 жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, коронавирус басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, "Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің" деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию, – деді Айқын Төлепберген.Сонымен қатар жұлдызды қалыңдық та тоғыз жылдан кейін арманының орындалғанын айтып, қуанышын жасыра алмады.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...
14.09.2026
20:10
Нұржан Қалжан: Мойнымда бес бұрандамен бекітілг...