«Әкелеріне ұқсап өссе екен»: Ләйлә Сұлтанқызы көз жасына ерік берді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «КешREC» бағдарламасында марқұм күйеуі және ұлдары туралы айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол ұлдарын марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевқа ұқсап, жолын қуғанын қалайтынын жеткізді.
«Қайраттың кезінде салған балабақшалары, мектептері әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Сол жердегі қызметкерлер алғысын білідіріп жатыр. Сол кісілер балаларыма да батасын берсе екен.
Ұлдарым әкесінің жолын қуып, жақсы азамат болса екен. Қазір Қайраттың артынан қалған 4 ұл мен 1 қыз бар. Қайрат «енді міне болдым ғой, балаларымның қызығын көремін» деген сәтінде өмірден озды. Ұлдарымның әкесіне ұқсайтын тұстары бар екенін байқадым. Әсіресе кіші баламнан», - деді Л. Сұлтанқызы.
Сондай-ақ ол балалары көздеріне жас алып, әкесін сағынып жүргенінін айтты.
«Өткенде кіші ұлыммен бір жағдай болды. Кешкі уақытта бөлмесінде жүргенде, қасына барсам, менен тығыла береді. Сұрақтарыма теріс қарап, жауап береді. Әрекетін байқап «Сардар!» десем маған «иә, иә анашым» деп өтірік шұлығын шұқылағандай бола береді. Кейін «Сардар, маған қарашы!» десем, көзінде жас толып тұр. «Не болды?» деп сұрадым.
Балам «телефонымды тазалап отырып, әкемнің суреттері мен видеоларын көрдім» дейді. Осы уақытқа дейін ештене білдіртпейтін. Әкелері туралы мүлдем айтпауға, уайымдамауға тырысатын. Осы жолы көзіне жас алған кезде «Әкесін сағынып жүр екен ғой» деп түсіндім.
Жаңа жылдан кейін Қайрат туралы бөліспеуге өз-өзіме сөз беріп едім. Себебі, мененде жағдайы ауыр адамдар бар. Елдегі жалғыз жесір мен емеспін ғой. Олардың көңіліне қараймын және құрметтейтіндіктен, айтпауға тырысамын. Бір ғанан нарсе айтамын: ер азамат болса Қайраттай болсын!», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар





