«Әкенің орны бөлек»: Блогер Жан Ахмадиев қайын атасына су жаңа көлік сыйлады
Танымал блогер Жан Ахмадиев қайын атасына тосын сый жасап, автосалоннан су жаңа темір тұлпар тарту етті, деп хабарлайды Politico.kz
Желіде тараған жазбасында блогер бұл қадамының астарында үлкен мағына жатқанын айтты. Оның сөзінше, туған әкесінен ерте айырылғанымен, жүрегінде әкеге деген сағыныш пен құрмет ешқашан өшпеген.
«Қайын атама жаңа көлік сыйладым. Әкенің орны бөлек, ал қайын ата – сол құрметтің жалғасы. Үйде береке, жолда амандық болсын», — деп жазды ол.
Жан Ахмадиев бұған дейін де әкесіне көлік сыйлауды армандағанын, сол арманын бүгін қайын атасына деген сый-құрмет арқылы жүзеге асырғанын жеткізді.
Бұл әрекет желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік блогерге жылы лебізін білдірді.
«Құтты болсын, азамат!», «Жарайсың, нағыз тәрбие көрген жігіт», «Жақсылыққа мінетін көлік болсын», «Ондай күйеу бала көп кездеспейді», «Өте жақсы іс, жүз жаса» — деп жазды оқырмандар.
Көпшілік Жан Ахмадиевтің бұл қадамын отбасы құндылығын жоғары қоятын, үлкенге құрметтің жарқын үлгісі деп бағалады.
Соңғы жаңалықтар