Әкімдік ғимаратына 17 млрд, театрға 21 млрд: Театрға бөлінген қаржы көлемі әкімдік ғимаратынан асып түсті

Әкімдік ғимаратына 17 млрд, театрға 21 млрд: Театрға бөлінген қаржы көлемі әкімдік ғимаратынан асып түсті
14.01.2025 12:37
0
237
t.me/letterskz
Алматыда Сац театрының реконструкциясына 21 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі бұл жолы Наталья Сац атындағы театрдың реконструкциясына 21 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл шешім қоғамда қызу талқыға түсті, себебі өткен жылы әкімдік ғимаратының толықтай өртеніп кеткеннен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 17 млрд теңге жұмсалған еді. Енді театр ғимаратына бөлінген қаржы көлемі әкімдік ғимаратының құнынан асып түсті. Айта кету керек, театрдың көлемі әкімдік ғимаратына қарағанда әлдеқайда аз.

Көпшілік бұл шешімнің қисынсыз екенін айтып, сыни пікір білдіруде.

«Логика іздеудің қажеті жоқ, барлығы түсінікті», – дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

Қаржыландырудың қалай жұмсалатыны және бұл шығындардың қаншалықты негізделгені туралы сұрақтар әлі де өзекті болып қалуда.

Ақпарат ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ арнасынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий