Актер Асылхан Төлепов жаңа қызметке тағайындалды

Актер Асылхан Төлепов жаңа қызметке тағайындалды
04.05.2025 15:26
0
122

«Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілікке танылған белгілі актер Асылхан Төлепов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстан таеквондо федерациясының мәдени интеграциялар бойынша арнайы өкілі атанғаныма қуаныштымын! Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Себебі бұл ұйым тек спортты ғана емес, жас буынның рухын, тәртібін және Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп жатыр. Кеше мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, біздің спортшылардың шеберлігіне және жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына куә болдым. Таеквондо – бұл жай ғана спорт емес, бұл болашағы зор қозғалыс. Федерация маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын. Жаңа белестерге бірге жетеміз!, – деп жазды ол.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан таеквондо федерациясына Құдырет Шәмиев президент болып сайланған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий