Актриса Әсел Асқар: Болашақ жарым табыс табуы керек

Актриса Әсел Асқар: Болашақ жарым табыс табуы керек
11.05.2025 16:51
0
104
Фото: видеодан скрин

Актриса және блогер Әсел Асқар жеке өміріне қатысты ойын ашық айтып, болашақта тұрмыс құруға қарсы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мира Ахмади жүргізген сұхбат барысында актриса қазіргі жасын — «өмірдің шынайы әрі тәжірибеге толы кезеңі» деп сипаттап, енді бұрынғыдай қателіктерге жол бермей, саналы шешімдер қабылдауға дайын екенін жеткізді.

«Мен әзірге шектеу қоятын, не істеуім керек екенін айтып отыратын ер адамдармен араласқым келмейді. Егер менімен өмірін байланыстырамын деген адам табылса, қарсы емеспін. Бірақ бір ғана талабым бар – ол менен көп табыс табуы керек. Бұл – оның ер-азамат ретінде жауапкершілік алып жүргенінің белгісі», – деді Әсел Асқар.

Сондай-ақ актриса бұған дейін әлеуметтік желіде жазған кейбір жазбалары көпшілік тарапынан жеңіл әзіл ретінде қабылданғанын, бірақ шын мәнінде өмірге байыппен қарайтынын атап өтті.

«Мен әзілді жақсы көремін, бірақ өмірге жеңіл қарайтын адам емеспін. Жүріп өткен жолым, көрген сынақтарым мені көп нәрсеге үйретті», – деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий