Алдағы Үкімет отырысында көтерілетін мәселе көп – саясаттанушы

Алдағы Үкімет отырысында көтерілетін мәселе көп – саясаттанушы
27.01.2025 14:07
0
113
Ақорда

28 қаңтарда өтетін үкімет отырысы Қазақстан үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Осы отырысқа қатысты саясаттанушы Әділ Сайлаубек өз пікірін білдірді.

Президенттің қатысумен болатын Үкімет отырысында ең негізгісі – әлеуметтік-экономикалық мәселелер қозғалып, өткен 2024 жыл қорытындыланады. Проблема көбірек болған сала бойынша әңгіме өрбіледі.

Ойым инфляция мәселесін көтеріп, жаңа индекстік бағдарлама жасап, халықтың табысы мен қоғамда туындап жатқан бірқатар мәселе – азық-түлік бағасы, осал топтағы адамдардың әлеуметтік жағы бойынша сөз қозғалса құба-құп болар еді.

Үкімет отырысында еңбек нарығын дамыту, маман даярлау, жұмыссыздық деңгейін төмендету сияқты мәселелер көтерілгені де жөн.

Бәрімізге белгілі, халықтың жағдайын жақсарту бойынша көптеген тапсырма бар, алайда ол тапсырмалардың орындалуы аяғына дейін жетпей жатыр, кемшін тұстары жетіп артылады.

Осы мәселені Президент те айта кетеді деп ойлаймын. Қорытындылай келе алдағы Үкімет отырысында:

  1. Жүйелі реформаларға басымдық берілуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін елдегі әлеуметтік әділеттілікті арттыруға, экономикадағы монополияларды жоюға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық беріп келеді. Бұл отырыста да осы бағыттағы нақты шаралар талқылануы мүмкін.
  2. Жаңа әлеуметтік бастамалар. Отырыста халықты қолдау бағдарламалары, әлеуметтік төлемдерді ұлғайту немесе инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөнінде жаңалықтар жариялануы ықтимал. Бұл – әсіресе халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
  3. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстандағы саяси реформалар, құқықтық жүйені жаңғырту және азаматтық қоғаммен диалог мәселелері отырыстың негізгі тақырыптарының бірі болуы ықтимал.
  4. Аймақтық және жаһандық контекст. Қазақстанның халықаралық аренадағы орны, геосаяси тұрақтылық және экономикадағы сыртқы факторлардың әсері де талқыланатын маңызды тақырыптар болуы мүмкін.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий