"Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын Сабина Ыдырысова қорғайды

07.05.2025 21:01
0
164
Фото: instagram.com/idrissova__sabina

Қазақстан аруы–2023, балет бишісі және модель Сабина Ыдырысова биылғы 72-халықаралық "Әлем аруы" сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Әлем Аруы – 2025" байқауы Үндістанның Телангана штатында 7 мамыр мен 31 мамыр аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 11 мамырға жоспарланса, финалдық кезең 31 мамырда өтпек. Сабина әлемнің 110-нан астам елінен келген арулармен бақ сынап, Beauty with a Purpose бастамасы аясында өзінің әлеуметтік жобасын таныстырады.

Сабина Ыдырысова – Александр Селезнев атындағы хореография мектебінің түлегі. Ол бірнеше жыл бойы "Астана Балет" театрының сахнасында өнер көрсетіп, кәсіби тәжірибе жинаған. Қазіргі таңда 23 жастағы бойжеткен модельдік және актрисалық бағытта еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар, ол ерекше қажеттіліктері бар және әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға арналған маңызды әлеуметтік жобаны іске асыруда. Beauty with a Purpose бастамасы шеңберінде Сабина инклюзивті білім беру мен балалардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр.

Байқау ұйымдастырушылары оның жобасын жоғары бағалап, оның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий