Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Уэльстен жеңілді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Уэльспен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл – Қазақстанның топтық кезеңдегі алғашқы ойыны. Матч Уэльс астанасы Кардифф қаласында өтті.
Есеп ойынның небәрі 9-минутында ашылды. Қазақстанның айып алаңында болған қарбаласты уэльстіктер ұтымды пайдаланып, Дэниэл Джеймс гол соқты.
Ал, 32-минутта Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Қазақстандық команданың шабуылы кезінде доп Уэльс ойыншысының қолына тиіп, төреші 11 метрлік айып добын белгілеген. Матчтағы жалғыз мүмкіндікті команда капитаны 100% пайдаланды.
Екінші тайм басталғаны сол екен, алаң иелері бұрыштама добын көтеріп, Бен Дэвис Заруцкий күзеткен қақпаға екінші голды соқты. Ал, 90-минутта уэльстік Рабби Матондо таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді.
Енді үш күннен кейін Алиев шәкірттері сырт алаңда Лихтенштеймен ойнайды.
Соңғы жаңалықтар





