«Үш баламен тентіретпе»: әзілкештің әйелі отбасындағы дауды жайып салды
«Миллион» жайдарман тобы арқылы танылған әзілкеш Мансар Орынханның әйелі әлеуметтік желіде жазба жариялап, отбасындағы кикілжің туралы ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, күйеуі хабарсыз кетіп, байланыс құралдарының барлығында оны бұғаттап тастаған:
«Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын... Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды. Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес! Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты. Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың көше болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен теңтентпе. Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да», — деп жазды ол Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.
Бұл мәселеге қатысты әзілкештің өзі әзірге ешқандай ресми жауап немесе пікір білдірген жоқ.
Желі қолданушылары келіншектің жазбасынан кейін екіге жарылып, бірі үш баламен қалған әйелге қолдау білдірсе, енді бірі өнер иесінің бұл әрекетін сынға алды.
Соңғы жаңалықтар