31 жастағы жетісулық келіншек төртем босанды
Жетісу облысының 31 жастағы тұрғыны бірден төрт ұлды дүниеге әкелді. Анасы мен төртем перзентханадан салтанатты түрде шығарылды. Төрт ұл жүктіліктің 30-аптасында дүниеге келген, деп хабарлайды Politico.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Жетісу облысынан келген әйел 24 қыркүйекте жүктіліктің 30 аптасы 6 күнінде кесарь тілігі арқылы төрт ұл босанған. Сәбилерге Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан деген есімдер берілді.
Төртемнің анасы бірден төрт бала күтіп жүргенін алғаш естігенде қуанышпен қатар қобалжу сезімін де бастан өткергенін айтты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, төртемге жүкті болу – медицинада өте сирек кездесетін әрі асқыну қаупі жоғары жағдайлардың бірі. Сондықтан болашақ ана жүктіліктің 23-аптасынан бастап ғылыми орталық мамандарының тұрақты бақылауында болған.
24 қыркүйекте дүниеге келген Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан бүгін анасымен бірге перзентханадан шығарылды. Осылайша, жеті балалы отбасы тағы бір қуанышты сәтін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар