Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Қайрат Нұртаспен бірге тойда бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Қайрат Нұртаспен бірге тойда бидің түбін түсірді (ВИДЕО)
19.09.2025 12:06
0
129
Скриншот видеодан алынды

Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан өз тойында Қайрат Нұртаспен бірге би биледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Боксшының танымал әншімен бірге билеген сәті түсірілген видео Сабырхан бауырларының Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін қайта тарады.
Кейін белгілі болғандай, кадрлар 2024 жылы түсірілген екен. Ол кезде Махмұд үйленіп, Қайрат Нұртасты тойға арнайы шақырған.
Кадрларда боксшылар Махмұд пен Тореханның көңілді билеп жүргенін көруге болады.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 14 қыркүйегінде Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен кездескен болатын. Қазақстандық боксшы алғашқы екі раундты сенімді түрде жеңіп, әлем чемпионатындағы екінші «алтынын» иеленді. Алғашқы «алтынды» ол 2023 жылы алған еді.
Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді Торехан Сабырхан (70 кг) салды. Спортшымыз небәрі 19 жасында әлем чемпионы атанды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий