Әлемді тәнті еткен бүркітші қыз Айшолпан тұрмысқа шықты
752
Есімі әлемге танылған қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты. Қуанышты жаңалық оның Instagram парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Айшолпан әлеуметтік желідегі жеке парағында тойдан түсірілген әсерлі кадрларды бөлісіп, өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын көрсетті. Бүркіт ұстап, ұлттық дәстүрді әлемге танытқан батыр қыздың бұл қадамы көпшілікті ерекше қуантты.
Желі қолданушылары жас жұпқа ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
«Сіңілім, бақытты бол! Барған жеріңде бағың ашылсын», «Батыр қызға лайық бақ бұйырсын», «Әлемге қазақты танытқан қыз, енді отбасында да бақытты бол», – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Айшолпан Нұрғайыпқызы бүркітшілік өнері арқылы қазақтың ұлттық мұрасын халықаралық деңгейде насихаттап, шетелдік деректі фильмдер мен фестивальдерге қатысып, үлкен танымалдыққа ие болған еді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...