Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы Астанада ағаш отырғызды

20.09.2025 21:09 Арман Ермеков
Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы Астанада ағаш отырғызды
0
349
Backstreet Boys тобының мүшелері. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Backstreet Boys әлемдік тобы Астананы көгалдандыруға атсалысты, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Америкалық танымал Backstreet Boys тобы Астанада өткен сенбілікке қатысып, ағаш отырғызды. Іс-шара жақында ашылған Бейбітшілік пен келісім саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті.

Музыканттар елорда тұрғындарымен бірге қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Бұл бастама достық пен бірліктің нышаны саналатын жаңа саябақтың ашылуымен тұспа-тұс келген.

Бейбітшілік пен келісім саябағы түрлі ұлттар мен конфессиялар арасындағы диалогты нығайтуға арналған бірегей орын.

Ал сенбілік 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтетін «Таза Қазақстан. Астана тазалық пен тәртіптің үлгісі» деп аталатын дәстүрлі қалалық айлық аясында ұйымдастырылды. 

🅟Журналист: Арман Ермеков
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий