Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың 18 - ге толмаған қызын көлік айдады деп сөкті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың 18 - ге толмаған қызын көлік айдады деп сөкті (ВИДЕО)
22.09.2025 17:16
0
114
instagram.com/kaalau__

Танымал әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау автокөлік айдап жүргені белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің қызы қолына кілт ұстап, Hyundai PALISADE көлігінің жанында түскен суретін жариялаған.
Қызы суретке ешқандай түсініктеме қалдырмағанымен, фотодан олардың отбасында жаңа темір тұлпар пайда болғаны байқалады. Айта кетейік, аталмыш көліктің нарықтағы бағасы шамамен 33 миллион теңгеден басталады.
Бұдан кейін Алау Нұртас көлік тізгінінде отырған видеосын өзінің TikTok парақшасына жүктеген.
Әлеуметтік желі қолданушылары жасөспірім қыздың әлі кәмелетке толмағанын айтып, түрлі пікірлерін білдірді.

«18 жасқа шықтың ба, рөлге отыруға бола ма?», «Жүргізуші куәлігі бар ма?», «Полицияға беру керек, ертең біреуге зиян тигізуі мүмкін», «Куәлікті қайдан алған, 18-ге толған жоқ қой», «Таныстары болса, бәрі мүмкін ғой» - деген пікірлер қалдырды.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың кенже ұлы Ханға көлік сыйлағаны туралы жазған болатынбыз.

@kaalauka_ inst: kaalau_ | @ардашок ♬ original sound - WYA ADRIAN | DJ
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий