Әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевтің жұбайы тұсау кесем деп сынға қалды

25.09.2025 • 17:46 Нақыпбек Фатима
Әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевтің жұбайы тұсау кесем деп сынға қалды
925
Скриншот видеодан алынды

Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсаукесер тойын көпшілік әлеуметтік желіде талқылап, Сәкен Майғазиевтің жарын сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Динара Майғазиева сәбидің тұсауын ел білмейтін дәстүрге сай кескен.
Алайда желі қолданушылары баланың аяғы көк шөппен емес, қазақтың дәстүрінде ала жіппен байланатынын айтты.

«Көк шөппен кескенін алғаш көріп тұрмын», «Мұндай әрекет дәстүрді бұзады, әркім өз білгенін істейді», «Ата-бабамыздың дәстүрін сақтау керек», «Гүлмен кескен дұрыс емес, ала жібіміз бар емес пе?!» – деп жазды көпшілік.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий