Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Пакқа сот үкімі шықты

22.06.2026 17:51 Әсел МҰРАТ
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Пакқа сот үкімі шықты
302
Фото: Zakon.kz

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы апат ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот үкімімен Александр Пак 10 жылға сотталды.Александр Пак жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу колониясында өтейді. Сонымен қатар, ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қаза тапқан қыздың әкесінің пайдасына 10 миллион теңге өндіріліп алынды.

Бұған дейін прокурор үш адамның өліміне күдікті жүргізушіге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. 

Прокурор жол-көлік оқиғасының кешенді сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын оқыды. Оның қорытындысына сәйкес, көлік соқтығысу алдында шамамен 115 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Қала жағдайында, түнде және мас күйінде мұндай жылдамдықпен көлік жүргізу абайсыздық деп саналмайды. Бұл барлық жол қозғалысына қатысушыға әдейі өлім қаупін тудыру дейді.

«Александр Пакты қылмыс үшін кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру және жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор.

Жол апаты туралы 

21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.

Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, кейіннен қалалық полиция департаментінің бірнеше лауазымды шендісі қызметінен кеткен.

Войдите, чтобы оставить комментарий