"Әлі сезінген жоқпын": Баян Алагөзова экс күйеуі туралы бар шындықты айтты

27.06.2025 12:11
0
190
ашық дереккөзден

Белгілі продюсер әрі актриса Баян Алагөзова экс-күйеуі Бақытбек Есентаев туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол бұл туралы Жанар Айжановаға берген сұхбатында айтты.

«Мен ол кісімен араласпаймын. Бірақ балаларым араласып тұрады. Оны қанша рет айттым. Ондай керемет әкені көрген емеспін. Бәрі жақсы. Немересіне маған қарағанда көбірек барып тұрады. Немересі оны «ата» деп атайды. Қызымның айтуынша, сыйлықтарымен, жеміс-жидектерімен барып тұрады екен, Шынымды айтсам, бұл туралы ешнәрсе айта алмаймын. Маған өте қиын болды. Бізде ажырасу интеллигентті формада болса, басқаша болар ма еді. Оны толық кешіргенім немесе кешірмегенім туралы нақты ешнәрсе айта алмаймын. Ол сұрақтың жауабын өзім де әлі күнге дейін білмеймін. Оны әлі сезінген жоқпын. Ол туралы тіпті ойламаймын да. Мен ренішпен өмір сүрмеймін. Өзімнің ренішімді балаларыма, бұрынғы күйеуіме айтқым келмейді. Ол – менің жүрегімде тұрған нәрсе. Сол себепті бәріне шын жүрегіммен тек бақыт тілеймін!» - деді продюсер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий