"Алла жолын жеңілдетсін": Бұрынғы әнші Айдана Меденова қызына қатысты жауап берді

18.08.2025 17:47
0
69

Әлеуметтік желіде қолданушылар арасында түрлі пікірталас туындаған. Кейбірі кішкентай Аминаны хиджаб киюге мәжбүрлейді деген ой айтып, әртүрлі пікір қалдырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алайда анасы мұндай болжамдарға жауап берді. Оның айтуынша, қызы әлі бала болғандықтан, хиджаб тағуға міндетті емес.

«Тіпті қазір шешкісі келсе де, онда тұрған ештеңе жоқ. Маған ең бастысы – Амина өзін бағалай білуі. Мен әрқашан оған бір нәрсені айтамын: сен өзің құндысың. Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Хиджаб пен қарапайымдылық – қысым емес, ол – Аллаға, өз-өзіңе деген сүйіспеншілік пен таңдау», – дейді анасы.

Ол өз түсінігіне ұзақ уақыт бойы келгенін, ал қызының бұл жолды жеңіл әрі шынайы қабылдағанын атап өтті.

«Әлхамдулиллаһ, Алла оның жолын жеңілдетсін. Әрқашан саналы әрі нұрлы жолда болсын деп тілеймін», – деп қорытындылады ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий