Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетелдік қамауға алынды

11.10.2026 • 13:17 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетелдік қамауға алынды
203
Фото: gov.kz

Алматыда шетелдік турист қоғамдық орында бейтаныс әйелге тиісіп, оның бөксесінен ұстаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Терренкур аллеясында болған. Шетелдік азамат бейтаныс әйелге рұқсатсыз тиіскен. Тексеру барысында оның Қазақстанға бір күн бұрын келген турист екені анықталды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұдан бөлек, полиция шетелдік азаматтың Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін сотқа материалдар жолдады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий