Алмат Сақатов: «Бауыржан шоу» жабылған кезде бәріміз «қораға кіріп» кеттік

«Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына қонақ болған актер Алмат Сақатов он жыл бұрын «Бауыржан шоу» жабылғаннан кейінгі қиын кезеңді еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«180-мен келе жатқан көлік кілт тоқтап қалғандай күй кештік. Біз жан-жаққа шашылып, не істерімізді білмедік. Театрға бара алмаймыз, себебі эстрадада жұмыс істедік. Ал кино ол кезде дамымаған. Өнер жоқ, сахна жоқ, көрермен жоқ. Тек той бар, ақша бар, бірақ ішіңдегі шығармашылық қуатты шығаратын орта болмады. Сол кезде бәріміз “қораға кірдік”. Әбунасыр да, Нұрбек те, Қуандық та қиын жағдайда қалды. Құдайға шүкір, қазір қазақ киносы дамып, өзімізді көрсеттік. Басында “мұны жасай алам ба, ойнай алам ба” деген күмән болды», – деді актер.
Сақатовтың айтуынша, сол жылдары шығармашылық тоқырау мен белгісіздік оны қатты күйзеліске ұшыратқан.
«Егер ол кезде қазіргідей немерелерім қасымда болса, ондай күйзеліске түспес едім. Өйткені немере — сенің жалғасыңның жалғасы, нақты өмірлік құндылық. Ол – қуаныш, болашақ, үміт», – деп түйіндеді Алмат Сақатов.
Соңғы жаңалықтар





