Алматы – Ақтөбе пойызында жолаушы көз жұмды
Пойызда жолаушының жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды
27 сәуір күні пойызда қайғылы жағдай тіркелді,деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында қайғылы жағдай тіркелді. Бұл туралы «Пассажирские перевозки» баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында бір жолаушының денсаулығы кенеттен нашарлап, ол пойыз ішінде қайтыс болған. Оқиға кезінде пойыз қызметкерлері жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келген кезде жолаушының өмірі қиылғаны анықталды. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі анықталуда.
Компания өкілдері марқұмның туыстарына көңіл айтып, пойыздың техникалық жағдайы талапқа сай екенін және барлық вагон медициналық қобдишамен жабдықталғанын мәлімдеді.
Оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...