Алматы әуежайындағы оқиға: ІІМ үндеу жасады
353
Алматы халықаралық әуежайында болған қызметкерді кепілге алу оқиғасына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, пышақпен қаруланған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, жолаушыларға «бомба бар» деп қоқан-лоқы көрсеткен
Осы оқиға бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды:
- Кепілге алу (ҚР ҚК 261-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы) – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу.
- Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
- Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚР ҚК 273-бабы) – 5 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сот шешімімен күдікті 2 айға қамауға алынды.
ІІМ басшысы Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі барлық әуежай мен теміржол вокзалдарында қауіпсіздік жүйесіне кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында:
- Әлсіз тұстарды анықтау,
- Қауіп-қатердің алдын алу шараларын күшейту,
- Тыйым салынған заттарды алып өтуге қарсы бақылауды күшейту,
- Қауіпсіздік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,
- Төтенше жағдайларға жауап беру алгоритмдерін жетілдірушаралары қарастырылады.
ІІМ жағдай толық бақылауда екенін және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...