Алматы облысында 10 жасар қызын зорлаған ер адам тергеуден босап шықты

07.11.2024
10:00
0
1590
Алматы облысының Ақши ауылында 10 жасар қызына екі жыл бойы зорлық көрсетті деп айыпталған өгей әкесі 12 айдан кейін тергеу изоляторынан шықты, деп хабарлайды politico.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2023 жылы болған. Анасы қызының өгей әкесінен көрген қорлығын нағашы әжесінен білген.
Қызым кейде төменгі жағы қышып, ашитынын айтатын, бірақ мен мән бермей, «дәрет ал» деп қоя салатынмын. Тіпті арт жағымнан бір сұйықтық ағып жатыр дегенде, мен жай ғана іші өткен екен деп мән бермедім. Бір күні бөлмеге кірсем, қызымды көрпемен жауып, үстіне жатқызып алыпты. «Не істеп жатсың?» деп сұрасам, «бүгін қызым 5 алып келіпті, еркелетіп жатырмын» деп қоя салды, — деді анасы.Қыздың анасы күйеуінің телефонынан жасөспірімдерге қатысты ұятсыз видеоларды байқап қалғанын айтады. Мән-жайды білген соң, қызды дәрігерге апарған.
Гинеколог растады, бірақ қағаз жазып беруден бас тартып, бұл үшін эксперттер қағаз береді деп қайтарды, — деді.Анасының айтуынша, гинеколог зорлық белгілерін көре тұра, полицияға хабар беруден де, қағаз бетіне мән-жайды жазудан да бас тартқан. Бұл іске қатысты 3 сараптама жүргізілген. Ең бірінші экспертиза оң нәтиже көрсеткенімен, тергеушілер уақыт өте 2 және 3-сараптамалар жүргізген. Екінші экспертиза теріс нәтиже көрсеткендіктен, қыздың іш киімі дәлел болса да, істі 12 айдан кейін жауып тастады. Психолог күдікті зорлық-зомбылықты жоспарлы түрде жасағанын айтады.
Ұзақ уақыт қызды бейімдеп, дайындап алып зорлаған. Бойын үйретіп алғаннан кейін ғана кіріскен. Қорқыту, ұру арқылы қыздың өзін кінәлі сезінуін пайдаланған. Қасақана, жоспарлы түрде жасалған зорлық-зомбылық. Медицина тілімен анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Қызға зорлық-зомбылықтың барлық түрін жасаған, — дейді Маржан Жомартқызы.12 айлық тергеу нәтижесінде күдікті кінәсіз деп танылып, бостандыққа шығарылған. Қазіргі таңда істі қайта ашуға өтініш қаралып жатыр.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

31.05.2025
10:12
Енесін өлтірген келін: оқиғаға қатысты тың дере...

31.05.2025
09:09
Танымал әртіс зорланғаннан кейін көз жұмды

30.05.2025
21:07
Айжұлдыз бен Сәкен бал айын қалай өткізіп жүрге...

30.05.2025
20:23
Мөлдір Әуелбекова: "Әншілерге қысым жасалады, е...

30.05.2025
19:37
"Құрбысы алдап шақырып": Терезеден құлап, мерт ...

30.05.2025
18:39
Роза Рымбаева ұлдарымен бірге сүйінші сұрады