«Қазақмыс» 2026 жылы тоғыз елді мекенде 8 мыңнан астам көшет отырғызды
Биыл «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тоғыз елді мекеніне 8 мыңнан астам ағаш отырғызды. Компания бұл жұмысқа өз қалтасынан 200 миллион теңгеден астам қаржы бөлген, деп хабарлайды Politico.kz.
Көгалдандыру жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізілген. Ағаштар Жезқазған, Қарағанды, Балқаш қалаларында, сондай-ақ Саяқ, Қарағайлы, Шешенқара, Баймырза, Бірлік және Бірлік-Үстем елді мекендерінде отырғызылды. Бұлардың барлығы «Қазақмыс» жұмыс істейтін өңірлерде орналасқан.
Компания ағаш отырғызумен ғана шектелмей, олардың күтіміне де көңіл бөлгенін айтады. Көшеттер егілген жерлерге тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Бұл суды үнемдеп, жас ағаштардың қурап қалмай, жерсінуіне көмектесуі тиіс.
Корпорацияның түсіндіруінше, мұндай жұмыстар елді мекендердегі шаң-тозаңды азайтып, ауаның тазалығын жақсартуға бағытталған.
«Қазақмыс» көгалдандыруды өзінің экологиялық саясатының маңызды бағыттарының бірі деп санайды. Компания бұл жұмыстардың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасына сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар