Алматы облысында 17 жастағы қыз үшінші сыныптан бері әкесінен зорлық көрген

Алматы облысында 17 жастағы қыз үшінші сыныптан бері өгей әкесінің өзіне жыныстық алымсақтық көрсетіп келгенін айтып, көмек сұрады. 40 жастағы еркек бала күнінен қыздың денесіне қол жүгірте бастаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Қазір бойжеткеннің анасы мен өгей әкесі іздеу салып, маза бермей жатқандықтан ол дағдарыс орталығын паналап отыр.
“Ол кезде мен 3-сыныпта оқимын. Сөйтіп ол кісі мен жататын бөлмеде теледидар болатын, ол кісі ол жақта отырды. Мен даладан ойнап келген едім. Сол сәтте ол мені сүйіп, өзінің жыныс мүшесін шығарып менің үстіме жатқан еді. Ол кезде мама көзімен көрген еді. Бірақ сонда да ол кісімен бірге тұрады”, – дейді қыз.
Әуелі сөзбен қырындап, ерсі әрекеттер жасаған еркек қыз өсе келе оған сезімін ашық білдіріп, жуынғанда аңдуды әдетке айналдырған.
“Ұйықтап жатсам келіп, аяқ жағымда отырып алып менің жыныс мүшелерімнен сипап, ұстайтын. Ол кісінің мені зорлайтын ойы болған еді. Бірақ мен өзім қашып құтылып қана жүрдім”, – дейді ол.
Өгей әкесінің бұл әрекеті туралы жақындарына айтқан бірақ олардың ешбір қыздың сөзіне құлақ түрмеген. Сөйтіп бойжеткен ер адамның өзіне ғашық екенін айтып жатқан сәтін айғақ ретінде түсіріп алған. Видеодан ер адамның “Ғашық қылған өзіңсің, Құдайым, келші” деген сөзідерін естуге болады. Ал қыз оның бетін қайтарып жатты.
Кейін ол құзырлы органға арызданған. Қарасай ауданының полициясы ол бойынша қылмыстық іс тіркеп, жәбірленушіге 2016 мен 2024 жылдар аралығында сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын дәлелденгенін мәлімдейді. Осылайша жәбірленушіні оңалту орталығына жіберуге шешім шығарған.
“Ұзақ уақыт бойы өгей әкесінің тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Анасы тарапынан қолдау сезінбеген, керісінше сенімсіздік, кінәлау, физикалық жазалау фактілері болған. Осы жағдайдың салдарынан психо-эмоционалдық күйзеліс күшейіп, балада қорқыныш, мазасыздық және сенімсіздік сезімдері қалыптасқан”, – дейді Алматы облысы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психолог маманы Динара Қуатбекова.
Психологтың айтуынша, қыз балаға әлі де көмек қажет. Бойжеткеннің айтуынша, полиция ер адамды уақытша ұстап кейін жібере салған. Ал қозғаған қылмыстық іс қысқартылып, сотқа да жетпеді дейді. Бұған қатысты Алматы облысының полиция департаменті әзірге жауап бермеді.
Соңғы жаңалықтар





