Алматы облысында бозбала 12 жасар қызға озбырлық жасады деген күдікпен қамауға алынды
1570
Алматы облысының полиция департаменті 12 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын, деп хабарлайды POLITICO.KZ NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, осы іс бойынша күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Ол алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, күдіктінің заңды өкілдері баланы тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.
Кейбір ақпарат арналарының мәліметінше, оқиға Алматы облысының Ынтымақ ауылында болған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...