Алматы облысында көлік апатынан 3 оқушы тіл тартпай кетті

Алматы облысында көлік апатынан 3 оқушы тіл тартпай кетті
29.05.2025 10:09
0
165
Фото: freepik.com

Алматы облысының Іле ауданында көлік апаты болып, салдарынан үш мектеп оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бейресми мәлімет бойынша, мектеп оқушыларының бірі ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып, үш досымен бірге серуенге шыққан.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 27 мамыр күні таңғы сағат 04:20 шамасында Төңкеріс – Байсерке – Қараой тасжолында болған.

Mitsubishi Galant маркалы автокөлікті кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. Ол рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен жолаушылардың бірі көз жұмды. Тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда олардың бірі ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Барлық жағдайлар анықталғаннан кейін заңды өкілдерге қатысты да қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий