Алматы облысындағы жойқын жарылыс: 2 адам ажал құшты
568
Алматы облысында цехта жарылыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жарылыс Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехы аумағында болған. Астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болған. Өрт сөндіру қызметі жалынды толығымен сөндірді.
Өрт салдарынан 4 адам жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізіліп, екеуі көз жұмды. Ал екі адам ауыр жағдайда, жансақтауда жатыр. Денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған.
Нысан KazFoodProducts компаниясына тиесілі. Оған Ерлан Баймуратов (95% акция) және Айдархан Сарсембаев (5%) иелік етеді.
Өртті сөндіруге 100-ден аса маман мен 31 техника жұмылдырылды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...