«Алматы – Өскемен» тас жолында жаппай жол апаты орын алды
«Алматы – Өскемен» жолында ауа райының қолайсыздығынан қозғалыс уақытша тоқтатылды.
15 қаңтарда «Алматы – Өскемен» республикалық маңызы бар автожолында жаппай жол апаты орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға туралы ақпарат пен бейнематериалдар редакцияға оқырмандардан келіп түсті. Олардың айтуынша, жолда тұманның қалыңдығы салдарынан көріну деңгейі нашарлап, қозғалыс қиындаған.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, сағат 8:20-дан бастап ауа райының қолайсыздығына және қалың тұманға байланысты «Алматы – Өскемен» автожолының 25-124 шақырымдары (төлем қабылдау бекетінен Шенгельді ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне уақытша жабылды.
Жүргізушілерге жақын маңдағы қауіпсіз орындарға тоқтап, жолда абай болу ескертілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
16:35
Бас дәрігерлердің білімі сынға түсті: 47 медици...
07.11.2026
16:16
«Қазақмыс» 2026 жылы тоғыз елді мекенде 8 мыңна...
07.11.2026
15:31
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Г...
07.11.2026
15:30
Өскеменде өрттен кейін үйінді астынан әйелдің м...
07.11.2026
14:32
ҚазҰУ-дың студенттік қалашығында бірінші курс с...
07.11.2026
12:35
Меладзенің Алматыдағы концертінде жанжал шығарғ...