Алматы – Өскемен тасжолында әскери техника жол апатына себеп болды
867
Әскери техника жолға құлап, көлік апатын тудырды
Алматы – Өскемен тасжолында әскери техника құлап, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, апат 15 қаңтарда сағат 13:40-та Заречный ауылына жақын, жолдың 56-шақырымында орын алған.
.jpg)
«Трал жүргізушісі эстакададан түскен кезде жеңіл брондалған екі көпфункционалды тартқыш техника жолға құлап кеткен. Техникалар жолдың жүріс бөлігіне құлап, оларды ертіп келе жатқан Ssang Yong Actyon көлігімен соқтығысқан», – делінген хабарламада.
Апат салдарынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, осы тасжолда таңертең де ірі жол-көлік оқиғасы орын алған еді. Сол кезде 18 көлік соқтығысып, полиция оның себебі ретінде қалың тұманды атаған. Тұман көрінуді айтарлықтай нашарлатып, апатқа әкелген.
Соңғы жаңалықтар
01.09.2026
10:47
ЖСДП Бектенов пен Қаринді неге қолдамады – парт...
01.09.2026
10:43
«Өмірде өзіңе ғана сену керек екен»: Роза Әлқож...
01.09.2026
10:04
Қызылорда облысында полицейді өлтіріп кетті
01.09.2026
09:38
"Қалай өлтірілгенін білмейміз": БАӘ-де көз жұмғ...
01.09.2026
09:25
Тоқаев Мирзиёевті құттықтады
31.08.2026
22:32
Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммиті аясында...