Алматы тауларында 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр
28.07.2025 16:07
0
136
Фото: freepik.com

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ол 27 шілдеде таңертең тауға шығып, қайта оралмаған. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Мыңжылқы шатқалында дрон мен иісшіл иттерді қолдануда.

Іздеу жұмыстарына «Медеу» құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағы (РОСО) мен «Тұйық-Су» бақылау-құтқару пунктінің мамандары жұмылдырылды.

«Онымен байланыс тек әпкесі арқылы болған, нақты геолокациясы белгісіз. Алынған мәліметке сәйкес, ол үстіне жылы киім, шолақ сым және спорттық аяқ киім киген. Бұл күндері тауда жаңбыр мен бұршақ жауған, 4000 метрден жоғары биіктікте қар түскен», — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілгенімен, жоғалған азаматтың ізі әзірге табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий