Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды
Тәуелсіздіктің алтын бесігі саналатын Алматы шаһарында мерекелік көңіл-күй ерекше. Ұлық мереке қарсаңында қала жастары ауқымды патриоттық акция ұйымдастырып, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Politico.kz.
Басты ерекшелігі – Мемлекеттік Тумен өткен акция алғаш рет мұз айдынында ұйымдастырылды: қатысушылар алып көк Туды салтанатпен көтеріп алып өтті, бәрі бірге ҚР Әнұранын шырқады және өтіп бара жатқан жұртқа кішкентай жалаушалар таратты. Флешмоб Арбатта және Назарбаев даңғылындағы жаңа гүлзарда өтті.
Іс-шараны тамашалаған алматылықтар, болып жатқан жайтты фото мен видеоға түсірді, қатысушыларды қолдап, әсерлерімен бөлісті. Аталған іс-шара Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған кешенді іс-шаралар бағдарламасы аясындағы акциялардың бірі болып табылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...
29.10.2026
10:43
Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, б...
29.10.2026
10:41
«Бекболат Тілеуханның күйеубаласы еді»: Мырзаха...
29.10.2026
09:37
110 мың теңге жалақы, үш жылдық мораторий: Үкім...
29.10.2026
09:26
Кентауда екі жастың өмірін қиған дәмхана жарылы...