Алматыда 7-қабаттан құлап, қаза тапқан Ақнәрға қатысты жаңа дерек шықты

Алматыда 7-қабаттан құлап, қаза тапқан Ақнәрға қатысты жаңа дерек шықты
16.08.2025 09:05
0
1174
Stan.kz

2024 жылдың шілде айында 22 жастағы қыздың Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап, қаза табуына қатысты іс бойынша тергеу жалғасады. Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм Ақнәр Гүлстанның қазасы бойынша адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болған.

"Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне берілді. Аккредитация процесі аяқталған соң тергеу белсенді түрде қайта жалғасады", – деді адвокат.

Сондай-ақ адвокат іске қатысы бар делінген қыздардың қазір қайда екенін айтты. 

“Олар Алматыда. Бұған дейін, яғни іс маған өткенге дейін олар Қытайға кетіп жүрген. Қазір оларға елден шықпау жөнінде нұсқау берілген”, – дейді адвокат.

Алматы қаласы полиция департаменті де істің Антикорға жолданғанын растады. 

"Алматы қаласының прокуратурасымен қылмыстық істің бағыныстылығы өзгертілді. Іс материалдары одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне жолданды", – делінген хабарламада. 

Істің мән-жайын білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сұратым хат жолдадық. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий