Алматыда 7-сынып оқушысының қазасына қатысты тың ақпарат шықты
Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде білім алған оқушының қазасына байланысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы негізінде іс қозғалған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, қайғылы жағдайға оқушының оқу үлгерімі мен бағасына қатысты қиындықтар әсер етуі мүмкін.
Мектеп әкімшілігі марқұм қыздың бұл оқу орнында қысқа уақыт ғана оқығанын мәлімдеді.
«7-сынып оқушысының өлімі оқу орны аумағынан тыс жерде орын алды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ білім беру мекемесі оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына тұрақты бақылау жүргізілетінін атап өтті. Марқұмға қатысты толық ақпарат заң талаптарына сәйкес тек тиісті органдарға ұсынылатыны айтылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...
29.10.2026
19:05
Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағ...
29.10.2026
18:09
Қазақстанның Қорғаныс министрі қаза тапқан және...
29.10.2026
17:01
Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы ав...