Қазақстанның Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың туыстарымен кездесті

Қазақстанның Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың туыстарымен кездесті
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Қорғаныс министрі әскери қызмет кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған сарбаздардың туыстарымен кездесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қабылдауға әр жылдары әскери борышын өтеу кезінде жақынынан айырылған немесе жарақат алған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.

Кездесуге Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметовпен бірге Бас әскери прокурор мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында әскери қызметшілердің туыстары өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Қорғаныс министрі әрбір өтінішке мұқият қарап, нақты жауап беру қажеттігін атап өтті.

«Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің туыстары көтерген мәселелерге түсіністікпен қарайды. Қаза тапқан немесе зардап шеккен әрбір әскери қызметшінің отбасына терең жанашырлық білдіреміз. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап берілуі керек», – деді Айдос Мырзахметов.

Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, туыстары ұсынған материалдарды зерделейтінін жеткізді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу