Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы автобус қатынай бастады
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші әрі сазгер Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жанкүйерлері өнер иесінің алдағы концертіне орай ерекше жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ел астанасы Мехико қаласында әншінің суреттерімен безендірілген тақырыптық автобус жолға шықты. Арнайы көлік бағыты қаланың ең көрікті әрі адам көп шоғырланған аудандарын қамтиды. Атап айтқанда, автобус Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолының солтүстік бөлігі, Ұлттық аудиториум маңы, сондай-ақ Глориета-де-Петролеос пен Чапультепек аудандары арқылы өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тақырыптық автобус бір айға жуық уақыт бойы мегаполис тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген өзінің «DIMENSIONS» әлемдік турнесі аясында 19 және 20 қараша күндері Мехико қаласында жеке концертін өткізеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
16:31
Шенеуніктердің отандық киімге қанша ақша жұмсай...
17.11.2026
16:03
"Елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес": Р...
17.11.2026
15:49
Министрлік екі студент қайтыс болған ҚазҰУ-ды т...
17.11.2026
13:56
"Аяғынан көтеріп ұстап тұрған": ҚазҰУ-да көз жұ...
17.11.2026
13:51
Президент кеңесшісінің ұлы студенттің өлімінен ...
17.11.2026
13:06
«Көркемдік тәсіл»: Петропавл әкімдігі үш қолды ...